Жасталапұлы Салауат 6В07201/6В07204 – «Мұнай-газ ісі» беру бағдарламаларының білім алушылары үшін «Мұнай-газ технологиялық сораптарының салыстырмалы сипаттамасы» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Мұнай-газ өнеркәсібінде технологиялық сораптар маңызды рөл атқарады. Олар өндіріс, тасымалдау және өңдеу процестерінде сұйықтықтарды (мұнай, су, химиялық реагенттер) айдауға арналған. Дәрісте мұнай-газ саласында қолданылатын негізгі сорап түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану салалары және таңдауға әсер ететін факторлар талқыланады.
Мұнай-газ технологиялық сораптары әртүрлі жағдайларда қолданылатындықтан, олардың таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Сорғыны дұрыс таңдауда сұйықтықтың физикалық және химиялық қасиеттерін, жұмыс режимін және техникалық-экономикалық тиімділікті ескеру қажет.
Дәріскер өнімділікті арттыруға және энергия шығынын азайтуға бағытталған осы саладағы заманауи инновацияларды келтірді.
Дәріс соңында Жасталапұлы Салауат қойылған сұрақтарға жауап берді, білім алушылар өздеріне қажетті мәліметтер алды.
Лектор Жасталапұлы Салауатқа зор алғысымызды білдіреміз.

