2024 жылдың 7 қарашасында салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары Шыңғырлау колледжінде және БҚО Шыңғырлау ауданындағы № 1, 2 мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру үміткерлерге адамның психологиясын, оның дағдыларын, білімін, таланты мен бейімділігін ескере отырып, олардың кез келген мамандыққа бейімділігін анықтауға көмектеседі.

Кәсіптік бағдар берудің мәні жасырын дарындар мен бейімділіктерді табу, адамның нақты немен айналысқысы келетінін анықтау және қолайлы мамандықтарды таңдау болып табылады. БҚИТУ салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары үміткерлерге олардың жеке ерекшеліктеріне қарай, қалаған мамандықтары бойынша бағыт бағдар беру жұмысын жүргізді

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz