2024 жылдың 7-қарашасында аға оқытушы, магистр Б.Н.Амангелдиеваның «Педагогика және психология», «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Психологиялық кеңес беру негіздері» пәнінен «Психологиялық кеңес берудегі супервизия» тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізілді.
Дәріс сабағы интербелсенді оқыту технологиясы негізінде құрылып, Қатені түзету дәрісі, Браундық қозғалыстар, кейс талдау, эссе: Раунд робин» әдістері қолданылды.
Студенттер супервизияның мақсаты, міндеттері, түрлерін дәрістегі қатені түзету әдісі арқылы талдап, супервизияның даму тарихына үлес қосқан З.Фрейд пен К.Юнг супервизиялық кездесу сюжетін фильм үзіндісінен көре алды, іскерлік ойын арқылы интервизиялық топты модельдеп, клиент пен консультанттың кейсін талдады, психологиялық мәселенің шешу жолдарын, әдістерін ұсынды.


