Кәсіптік бағдар – адамның мүдделерін, қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып, қолайлы мамандықты анықтауға көмектесетін іс-шаралар мен әдістер жүйесі.

Университеттегі кәсіптік бағдар беру жұмысы жеке мақсаттар мен еңбек нарығының талаптары арасындағы үйлесімділікті табуға бағытталған. Бұл мектеп оқушылары үшін де, ата-аналар үшін де маңызды.

Талапкерге өзінің жеке ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, дағдылары мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу — бұл кәсіптік бағдарлаудың мақсаты.

2024 жылғы 05 қарашада Ақсай қаласының № 2,4,5,7 мектептерінде, Ақсай техникалық колледжінде, сондай-ақ Бөрлі колледжінде және Бөрлі ауданының № 1,2 мектептерінде кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары К.К. Жәнияров, А. Т. Махамбетова және Сәулет және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Тасқалиев кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz