БҚИТУ СТИ-ның ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында 2024 жылдың 06 және 07 қараша күндері 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6В09103-Ветеринария, 6В09103-Ветеринария (ББББ), 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша), 6В07205-Тамақ өнімдерінің технологиясы мен қауіпсіздігі, 7М09101/7М0910-Ветеринариялық медицина білім беру бағдарламаларының 1-5 курс білім алушыларымен кездесу өтті.

Кездесу модераторлары: кафедра меңгерушісі, х.ғ.к, Байтлесова Л.И., кафедра меңгерушісінің орынбасары Кенесарина К.Х., эдвайзерлер: Хамиева Н.С., Амиргалиева А. М., Мажитова Н.Б.

Магистранттармен кездесу ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

Кафедра меңгерушісі Байтлесова Лаура Ильясовна кездесу барысында оқу процесіне, оқу сабақтарына қатысуға, аралық бақылауды тапсыруға, практиканың барлық түрлерінен, академиялық ұтқырлық бағдарламаларынан, кәсіби сертификаттаудан өтуге, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді айтып өтті.

Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша толық түсініктемелер берілді. Ағымдағы оқу жылында білім алушылар билетке міндетті түрде практикалық сұрақтар енгізілетіндігі туралы айтылды. Тәжірибелік емтихан мамандардың сапалы дайындығын растау үшін қажет; бұл студенттерге өндіріске жақын жағдайларда игерілген кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кафедра эдвайзерлері мен оқытушылары сабаққа үнемі қатысудың және оқу акысын уақытылы төлеудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, университет сайты wkitu.kz, zkitu_zko инстаграм парақшасында және салалық технологиялар институтының электрондық дерекқорынан білім беру бағдарламаларына және кафедра қызметіне байланысты жаңартылған ақпараттарды алуға болатындықтары айтылды.

 Кездесу барысында білім алушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.Соның ішінде оқу ақысына, қысқы емтихан сессиясының кестесіне қатысты сұрақтар болды. Барлық сұрақтар бойынша білім алушылар сенімді, толық ақпарат алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz