14 қараша күні БҚИТУ педагогикалық факультетінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қаржыгерлер күніне орай түлектермен кездесу кеші өтті.
Университет түлектері, яғни қаржы саласының мамандары өздерінің студенттік өмірлерінің қиындығы мен қызығын еске түсіріп, әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктері, қызметтерінің маңызы туралы және оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейтуге, алдыңғы буынның озық қабілеттерін кейінгіге үлгі етіп, студенттердің қызығушылығын оятты. Түлектер кафедра ұжымы мен білім алушыларға әсерлі кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

