10 қараша күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Батыс Қазақстан филиалымен 15 қараша – Ұлттық валюта теңге күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. «Қаржы» мамандығының 2, 3 – курс студенттері оқытушы Д.С. Тогашеваның жетекшілігімен Ұлттық банкінің мұражайына экскурсия жасады. Ұлттық банк қызметкерлері «Теңгенің шығу тарихы», «Валюталық айырбастау операциялары», «Криптовалюта маңызы» тақырыптарында дәрістер оқыды. Студенттер мамандарға сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауап алды.



