2024 жылдың 28 қыркүйегінде Орынбор мемлекеттік аграрлық университеттің аумағында «Мамандықтар әлемі» атты халықаралық білім беру фестивалі өтті. Аталмыш шараға БҚИТУ, СТИ-нің, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, в.ғ.д. Абсатиров Г.Г., в.ғ.д. профессор Байтлесов Е.У., кафедра меңгерушісі, х.ғ.к. Байтлесова Л.И. қатысты.
Фестивальға Қазақстан Республикасының, Беларусия мемлекеттінің жоғары оқу орындары мен коллеждерінің өкілдері, Орынбор облысының орта мектептерінің оқушылары белсене қатысып, олар ОМАУ-нің әртүрлі мамандықтары мен шеберлік сағаттарына, көрмелеріне қатысуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар мен қонақтар ұсынылған өнімдердің кең ассортиметімен танысты: жарма, макарон өнімдері, сүт, шұжық, ірімшік, жеміс-жидектер, консервілері, сондай-ақ өнімнің сапасын анықтауға қатысып, оның дәмін татып көрді.
Фестиваль қатысушылары түрлі мамандықтар әлеміне еніп, жануарлармен жұмыс істеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, пилотсыз жүйелер мен далалық техниканы басқару, саусақ іздері және тагы басқа салалар бойынша шеберлік сағаттарына қатысты.
Фестивальда түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері шақырылған мектеп оқушыларына Орынбор облысындағы сұранысқа ие мамандықтарды, жұмысқа орналасу перспективалары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Іс-сапар аясында профессор Абсатиров Гайса Гарапович ОМАУ-нің ветеринария мамандығының 4,5 курс студенттеріне «Мамандырылған пәндерді оқытуда практикалық ветеринарияны қолдану тәжірбиесі» тақырыбында ғылыми дәріс оқыды.
Сондай-ақ халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы п.ғ.д., О.Н. Максимовамен кездесу барысында магистранттар үшін академиялық ұтқырлықты, зерттеу практикасын және ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыруды қамтитын ынтымақтастық мәселелер талқыланды.
Интерактивті алаңдармен, ашық диологтармен, мастер-кластармен, жаңа таныстармен, кездесулермен толықтырылған «Мамандықтар әлемі» фестивалі барлық қатысушылар үшін керемет шара болды және ұмытылмас әсер қалдырды!





