2024 жылдың 2-3 қазан аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде барлық ЖОО Кеңсе тіркеушілерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы VIII кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш семинарға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтынан тіркеу кеңсесінің жетекшісі Лаура Кусикбаева және студентке қызмет көрсету орталығының басшысы Айнур Амангалиева қатысты.
Кездесу мақсаты – ЖОО кеңсе тіркеушілерінің түйткілді мәселерін шешіп, өзге ЖОО-мен өзара тәжірибе алмасу. Атап айтқанда, ҚР Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы (EPVO), Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС), «Қаржылық орталық» АҚ, «Platonus» ЖШС қатысты мәселелер ашық алаңда талқыға салынып, шешу жолдары ұсынылды.
Сонымен қатар ЖОО кеңсе тіркеушілерінің VIII кездесуі аясында қатысушылар «Университеттердегі студенттік ақпараттық жүйелерін автоматтандыру», «Білімгерлерге қызмет көрсету орталығындағы күнделікті операцияларды оңтайландыру: жұмыс тиімділігін арттыру» секілді тақырыптардағы біліктілік арттыру семинарларында дәріс тыңдады.

