2024 жылдың сәуір айында Шелл, Эни, EASST компанияларының, БҚО әкімдігінің және «Жайық Таңы» ҚБ қолдауымен «Батыс Қазақстан облысының қауіпсіз жолдары» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг барысында жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ, автокөлік жүргізушілерінің жылдамдық режимін сақтауының маңыздылығы және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

Қатысушылар шағын грантқа қатысу үшін практикалық жұмыстарды орындады, жол қозғалысының қауіпсіздігі акциясына өз көзқарастарын білдірді.

Тренингте EASST жобасының бас тренері, сарапшы Виктор Киронда және Вирджиния Мандалак (г. Кишинев, Р. Молдова) өз тәжірибелерімен бөлісті.

Тренингке БҚИТУ Салалық технологиялар институтының аға оқытушысы, магистр А.А. Кажияхметова және білім алушылары «ENACTUS IOT-WKITU» командасы қатысып, өз белсенділіктерін таныта отырып, «Аз кептеліс!» акциясы тақырыбында жобаларын ұсынды.

Трениг соңында әр қатысушы сертификатпен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz