2024 жылдың 3-сәуірінде «Ғылым онкүндігі – 2024» аясында шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы «Ғылыми әдістеменің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның бірінші бөлімінде аға оқытушы Тихонюк Е.В. антропологиялық зерттеулерге қатысушыларды іздеудің ерекшеліктері туралы баяндама жасады. Іс-шараның екінші бөлімі ғылыми талқылауға арналды.Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Е.В.Тихонюктің баяндамасында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, оларды шешудің бірқатар жолдарын ұсынды.