2024 жылдың 14-наурызында педагогикалық практика бойынша 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің қатысуымен «Педагогикалық практика ‑ болашақ маманның шыңдалу мектебі» атты қорытынды конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар, конференцияға педагогика және психология кафедрасының филиалы Орал жоғары гуманитарлық‑экономикалық колледжінің мамандары шақырылды. Олар Орал жоғары гуманитарлық‑экономикалық колледжінің әдіскері, жоғары санатты педагогика пәнінің оқытушысы, п.ғ.м Сралиева Ардақ Амангелдиевна және колледждегі арнайы пәндер оқытушысы, педагог‑психолог Смолова Карина Олеговна. Сонымен қатар конференцияға колледждегі педагогикалық практика жетекшілері Тасимова А.А., Жумагулова Г.А., Джонисова Г.Қ., Кадыржанова Ж.Е. қатысты.
Конференция барысында педагогикалық практиканы өтіп келген Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің практика барысында атқарған жұмыстарының есебі талданып, колледждегі педагогикалық практиканың студенттердегі кәсіби білім, білік, дағдыларды қалыптастырудағы маңызы, болашақ маманның кәсіби және тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына әсері, педагог шеберлігінің негізгі функцияларын игеру үшін әдістемелік дайындықтарын дамытудың жолдары туралы мәселелер талқыланды.
