2024 жылдың 14-наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша қонақ дәріс ұйымдастырылды. Қонақ дәрісті Орал қаласындағы Оқушылар сарайының робототехника бөлімі басшысы Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы «Білім берудегі робототехника мүмкіндіктері» тақырыбында жүргізді. Дәріске «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

Дәрісті ұйымдастырудағы мақсат – жоғары білім беру жүйесіне, студенттер арасында ғылыми-техникалық прогрестің, оның ішінде робототехниканың мүмкіндіктері мен жетістіктерін насихаттау, білім алушыларды техникалық жұмыстарға баулу, сонымен қатар мамандыққа деген студенттердің қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Еліміздегі бірқатар білім беру мекемелері жаңа LEGO Education жиынтықтарымен жабдықталып, болашағы зор бағытты дамытуға сай алғашқы қадамдар жасау үстінде.

Солардың бірі робот техникасы болып табылады. Роботты техника оқушыларды ғылым, технология, математика арқылы жаңашылдыққа шабыттандырады. Роботтардың қолдану аймақтары күннен-күнге көбеюде. Роботтарды жинау, құрастыру, модельдеу және бағдарламалау арқылы оқушылар робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласындағы білім мен дағдыларын дамытады. Болашақ робот құрастырушы математика мен физиканы, информатика мен сызуды, басқа да ғылым саласын міндетті түрде меңгеруі тиіс.  Дәріс барысында Lego we-do, spike prime, vex, tetrix, ref арнайы робототехника жинақтары таныстырылып, ақпарат берілді. Дәріс институт оқытушылары мен білім алушыларының қызығушылығын туғызды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz