Қазақстан кәсіпорындарында және одан тысқары елді мекендерде табысты қызмет ету үшін жеткілікті білімі мен іскерлігінің бәсекеге қабілетті деңгейі, сондай-ақ кәсіби және жеке құзыреттілігі бар техникалық реттеу және сапаны басқару (өнімдер, қызметтер, технологиялық процестер) саласында жоғары білікті бакалаврларды даярлау 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының мақсаты болып табылады. Дәл осы мақсатты жүзеге асыру үшін университет білім алушылар үшін оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарын өткізіледі.
Қазіргі жағдайда кәсіби сертификаттау білім алушылар үшін табысты дамудың жаңа мүмкіндіктері бар. Сертификаттау арқылы ол өзінің білімі мен дағдыларын ғана емес, сонымен қатар ақпаратты игеру қабілетін, табандылығын және мақсатқа жету қабілетін көрсете алады. Сонымен қатар, сертификаттың болуы жұмысқа орналасу кезінде айтарлықтай артықшылық болады. Білім алушының біліктілігін куәландыратын құжаттың болуы фактісі оны бәсекелестік ортада сол дипломмен бірге оқитындардан ерекшелендіреді. Білім алушылар «Пром ресурс» білім беру орталығы ЖШС-де «Өнім сапасын бақылау» кәсіби сертификаттау курсынан өтті. Біліктілік комиссиясының шешімімен әрбір қатысушыға «Өнім сапасын бақылау маманы» біліктілігі берілді.