Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен 2024 жылдың 16-наурызында Орал қаласы Островский атыңдағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театры алаңында Наурызнама тұжырымдамасы аясында Наурыз мейрамын атап өту мақсатында студенттер арасында «БІР ЖАСЫҢМЕН» атты мәдени-спорттық шарасы өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық спортты кеңінен насихаттау.
Жарыс келесі ұлттық спорт түрлері бойынша оздырылды: қой көтеру,
асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, мәдени іс-шара (ән, би, көркемсөз, мерекелік қойылымдар).
Аталған көпшілік мәдени-спорттық шарасына университетіміздің студенттері белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

