2024 жылдың 11-15 наурызы аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Финляндияның HAMK – Hame University of Applied Sciences университетімен бірлескен «Мұғалімдердің білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» жобасы шеңберінде «Білім берудегі көшбасшылық» бағдарламасы бойынша ЖОО оқытушылары мен мектеп директорларының біліктілігін арттыру курсы өтуде. Аталмыш курсқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Самал Машанова, Білім және менеджмент институтының Академиялық қызмет бойынша департаментінің басшысы Айгүл Раманова, аккредиттеу бөлімінің басшысы Асылбек Иргалиев, қоғамдық пәндер және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Аққайың Балыкова, филология, мәдениет және оқыту әдістемесі  кафедрасының меңгерушісі Марат Ажғалиев және тіркеуші кеңсесінің басшысы Лаура Кусикбаева қатысуда. Біліктілікті арттыру курсы білім берудің заманауи моделін енгізу, оқытушылардың көшбасшылық қабілетін шыңдау, біліктілік арттыру сапасын қамтамасыз ету сияқты университеттегі нақты трансформация процестерін қамтиды. Курс аясында тыңдаушылар жоғары білім саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардың дәрістерін тыңдап, топтарға бөлініп жұмыс жасап, практикалық мәселелерді шешіп, тәжірибе алмасуда. Бағдарламаның қорытындысы бойынша қатысушылар өз жобаларын қорғап, сертификаттар алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.