2024 жылғы 10 мен 14 наурыз аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің саслалық технологиялық институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің қызметкерлері Ақжайық ауданы Ақжайық ауылы № 1 ЖОББМ, М.Әуезов атындағы ЖОББМ, Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Тайпақ ауылы Байсыикова атындағы ЖОББМ, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ, Тайпак гимназиясы, Атырау облысы Индер ауданы Индер ауылы бойынша С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ, М.Әуезов атындағы ЖОББМ, «Қөктем» қазақ орта мектебі, М.Бекмухамбетов ЖОББМ, Махамбет ауданы бойынша Махамбет ауылы Д.Төленов Атындағы ЖОББМ, О.Шонаев атындағы ЖОББМ және Атырау колледждеріне кәсіптік бағдар беру жұмысың өткізді.

Кездесу барысында кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қабиболла Кенжеұлы Жәнияров және кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің маманы Алдонгаров Болатбек Райханұлы мектеп және колледж түлектеріне БҚИТУ-да оқудың артықшылықтары, жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы айтып берді.

Жоғары оқу орнында бүгінгі таңда ең сұранысқа ие 16 мамандық алуға мүмкіндік берілгені атап өтілді. Оқу кезінде студенттер кейіннен тұрақты жұмысқа орналаса алатын кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді. Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, түлектердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.