«Жануарлар морфологиясы» пәні бойынша оқу бағдарламасының (силлабус) бекітілген жоспарына сәйкес 6В09103 1 курс «Ветеринария» мамандығы Салалық технологиялар институтының ВЕТ-11О және ВЕТ-12О топтары студенттеріне 2024 жылғы 14 наурызда сағат 12.00-де «Ветеринария және техносфера қауіпсіздігі» кафедрасынын ветеринарлық клиникада келесі профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен дөңгелек үстел өтті – қауымд. профессор в.ғ.к. А.К. Днекешев, және аға оқытушы Б.О. Шотов. «Ауыл шаруашылығы жануарларының аталық және аналық несеп-жыныс мүшелерінің құрылысымен ас қорыту жүйесінің анатомиясы» тақырыбында дөңгелек үстелде аралық бақылауды тапсыру бойынша интерактивті сабақ латын терминологиясын қолдана отырып, қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Педагогикалық зерттеудің мақсатына сәйкес 6В09103 – Ветеринария бағыты бойынша 1 курс студенттеріне «Жануарлар морфологиясы» пәнінен аралық бақылауды ұйымдастыруда инновациялық педагогикалық тәсілді қолдану үлгісі жасалды. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер жүктелді: «Жануарлар морфологиясы» пәні бойынша аралық бақылауды тапсыру кезінде қолдану қажет және орынды болатын білімді бақылаудың интерактивті жаңа әдісі туралы түсінік беру; 6В09103 – Ветеринария мамандығының 1 курс студенттері үшін кәсібиліктің бірінші тәсілінің элементтерімен құзыреттілік түріндегі аралық бақылауды ұйымдастырудың инновациялық нұсқасын әзірлеу.
Қорытындылай келе, оқу үдерісін осылайша ұйымдастыру арқылы студенттер тақырыпты өз бетінше меңгеру процесінде және тәжірибелік манипуляцияларды командада практикалық сабақтарда арнайы орындаған кезде білім мен дағдыларды игереді деп айта аламыз. Бұл ретте олар алған білім, білік және тәжірибелік дағдыларының нәтижесін осындай аралық бақылауда тікелей сезінетін болады.

