2024 жылғы 1 наурыз күні Теректі ауданы Долинный ауылының  Чапай ЖОББМ, Федоровка ауылы Федоровка қазақ ЖОББМ, Федоровка № 1 ЖОББМ кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысың Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қызметкерлері өткізді.

Кездесу барысында кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қабиболла Кенжеұлы Жәнияров және кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің маманы Алдонгаров Болатбек Райханұлы мектеп түлектеріне БҚИТУ-да оқудың артықшылықтары, жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы айтып берді.

Жоғары оқу орнында бүгінгі таңда ең сұранысқа ие 16 мамандық алуға мүмкіндік берілгені атап өтілді. Оқу кезінде студенттер кейіннен тұрақты жұмысқа орналаса алатын кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді.  Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, түлектердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz