«ҚазСтандарт» стандарттау және метрология институты” РМК БҚФ-мен ынтымақтастық шеңберінде Стандарттау және сертификаттау ББ (салалар бойынша) білім алушыларына метрология маманы Еруганов Қанат Мұсанұлы шақырылды.
Студенттер “Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету” тақырыбындағы дәріс аясында көптеген ақпарат алды. Дәріс барысында метрология саласында көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, дәріс жүргізушімен бірлесіп өндірістегі метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негіздеріне талдау жүргізілді. Кездесу өткізудің мақсаты – студенттердің практикамен тікелей қарым-қатынасы, кәсіби шеберліктің құпияларын зерттеу. Өз білімі мен тәжірибесімен бөлісе отырып, маман-практик білім алушылардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға пайдалы әсер етеді.
Өндірістегі маманмен сөйлесе отырып, білім алушылардың сапа саласындағы өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ақпарат алуға, маманның жеке тәжірибесінен мысалдар келтіруге бірегей мүмкіндігі бар.
Біз К. Еругановқа қызықты және танымдық дәрісі үшін алғыс айтамыз және “КазСтандарт” стандарттау және метрология институтымен алдағы уақытта ынтымақтастығымызды нығайтуға ат салысамыз.

