31.03.2017ж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс ақыны, жырау, әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің 65 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жаны жайсаң жыр аға» атты әдеби-сазды кеші өтті. Кеш барысында Хатимолла Жәңгірұлының өнегелі өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, дәстүрлі өнердегі дара жолы, азаматтық тұлғасы насихатталды.

Студенттер мен оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берген Хатимолла Жәңгірұлы қасиетті қара домбырасымен Мұхит, Абай, Ғарифолла т.б. әндерін асқан шеберлікпен орындап жиылған жұртты тәнті етті. Кеш соңында университет менеджері, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Шынтемірова мен ф.ғ.д., профессор М.Сабыр Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевті мерейтойымен құттықтап, дәстүрге сай иғына шапан жапты. Кешті ұйымдастырып жүргізген «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері. «Жаны жайсаң жыр аға» атты шараның сценарийін жазған топ жетекшісі ф.ғ.к., доцент А.И. Мамыров.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz