Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Ғылым аптасы аясында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Жастар – елдің рухани және зиятты әлеуеті: тарихи тәлім және даму келешегі» атты XVII халықаралық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы өткізілуде.

2017 жылдың 10-11 cәуір аралығында БҚИТУ Инженерлік технологиялық факультетінің №111 аудиториясында «Экология. Химиялық-биологиялық ғылымдары» секциясының отырысы өтті. Секцияда 30 баяндама жоспарланды. Секцияда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, С. Баиішев атындағы Ақтөбе университетінің,  Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық  университеті  студенттері мен магистранттардың, сонымен қатар Орал қаласының №35, 17 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының баяндамалары тыңдалды.

Студенттік баяндамаларда экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелері, атап айтқанда Қазақстанның батыс аймағының қоршаған ортасына Қарашағанақ кенорнының әсері, Батыс Қазақстан облысының ауа бассейіні, топырағы мен өсімдік жамылғысын қорғау, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігі, Орал қаласының қазіргі экологиялық жағдайы мен территорияны тиімді пайдалану және ауылшаруашылық жерлерді бағалау мен пайдалану мәселелерін қарастырылған.

Көптеген баяндамалар зерттеушілік сипатқа ие болған. Батыс Қазақстан облысы өзендерінің қазіргі экологиялық жағдайына арналған инновациялық жұмыстары ерекше назар аудартты. Секция отырысы бойынша қорытынды шығарылды, жеңімпаздар мен номинанттар анықталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz