2023 жылғы 20-24 қараша аралығында Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университетінде (Саранск қ., Мордовия Республикасы, РФ) халықаралық қатысумен Бүкілресейлік студенттер олимпиадасының III туры өтті. Сондай-ақ, олимпиада аясында “Энергияны тиімді үнемдейтін ресурстардың технологиялары мен жүйелер” тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция және “Олимпиадалық орта жағдайында агроинженерлік ЖОО студенттерін оқыту ерекшеліктері” тақырыбында ашық бүкілресейлік ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Біздің команда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен белсенді қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команданың білім алушылары жеке біріншіліктерде келесі орындарға ие болды:
* Р. М. Джашанбаев, 6В11301 – “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, “көлік-технологиялық машинаны жүргізу”практикалық конкурсында 1 орын;
* Р. М. Джашанбаев, 6В11301 – “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, теориялық конкурста 3 орын;
* Н. А. Акименко, 6В11301 – “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, теориялық конкурста 1 орын;
* Акименко Н.А., 6В11301 – “Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, “Gummins ISB 6.7 қозғалтқышының “Comon Rail” жүйесінің саптамаларының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу” практикалық конкурсында 2 орын;
* Н. С. Жумагалиев, 6В07105 – “Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, “Көлік-технологиялық құралдың жетек білігін теңгерімдеу” практикалық конкурсында 1 орын;
* Н. С. Жумагалиев, 6В07105 – “Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, теориялық конкурста 2 орын;
* Живетин В. А., 6В07104 “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы, “Отын-жағармай материалдары”пәні бойынша 3 орын;
* В. В. Кирпичников 6В07104 “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын, “Тракторлар мен автомобильдер” пәні бойынша 2 орын;
* С.А. Болсов 6В07101 “Көлік, көлік техникасы және технологиялары” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын, “Машина-трактор паркін пайдалану” практикалық сабағында 3 орын иеленді.


