29.11.2023 ж. БҚИТУ құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы тұрғын үй заңнамасын реформалауға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Кездесу барысында тұрғын үй мәселелері мен қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының кемшіліктері, сондай-ақ оларды жою жөніндегі азаматтық қоғамның ұсыныстары талқыланды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры болды. Аталған қордың сарапшысы құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.Т. Габдуалиев болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі ретінде атқарылған жұмыстар туралы есепті таныстырды. Қазіргі уақытта Парламентте аталған заң жобасы қаралуда.

Кафедра оқытушылары ПМК-ті ММБ-ге ауыстыру бойынша реформаның соңына дейін жеткізілмегені туралы өз пікірлерін ортаға салды. Бұл ретте үйлердің өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамыту қажет. Мұндай жағдайда басты міндет – адамдарды сапалы және ашық қызметтермен қамтамасыз ету.

Келіп түскен ұсыныстар негізінде Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексінің жобасын әзірлеу бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобы үшін қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz