2023 жылдың 29 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті, Білім және менеджмент инстититуты, Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының студенттері Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі ұйымдастыруымен өткізілген «Құқық және заң: зияткерлік меншік» тақырыбында интеллектуалдық викторинаға қатысып жүлделі 3 орынды иеленді. Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Климова Л.А. жетекшілік еткен «Әділет» командасы өте жақсы нәтиже көрсетті. Сайыстың мақсаты- Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасы студенттерінің құқықтық ой-өрісін дамыту, студенттердің білімділік деңгейін анықтау және бағалау. Жүлделі орын алған командалар кубок және дипломмен марапатталды, ал барлық қатысушыларға сертификат пен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасына Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Ә.Ә.Тасыбаеваның алғыс хаты табысталды.


