24 қараша күні Педагогикалық шеберлік мектебі аясында “Сәулет және құрылыс” кафедрасының А.Т.Тасқалиев және А.Т.Иманғали аға оқытушыларымен “Темірбетон бұйымдарының жылу өткізгіштігін анықтау” тақырыбында 6В07302 “құрылыс” ББ білім алушыларына арналған “Бетон технологиясы”пәні бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Мастер-класстың мақсаты- ИТП-МГ4 “Зонд”құралын қолдана отырып, темірбетон бұйымдарының жылу өткізгіштігін анықтау.

Мастер – класс міндеттері:

– бетонның жылу өткізгіштік коэффициентінің мәнін зерттеу-темірбетон ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезінде ескерілетін маңызды сипаттамалардың бірі;

– бетонның әртүрлі түрлерінің жылу өткізгіштік коэффициенттерімен танысу;

– қабырғалардың қалыңдығының құрылыс материалдарының жылу өткізгіштігіне әсері;

– “Зонд” ИТП-МГ4 аспабымен бетонның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау бойынша жұмыстарды дайындау және жүргізу тәртібі.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz