Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 2023 жылдың 15-қарашасында «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: студенттердің өз мемлекетінің тарихына деген танымдық қызығушылығын белсендіру; оқушылардың «тәуелсіздік» туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету; өз еліне деген мақтаныш сезімі, өз елінің тағдырына араласу; Қазақстанның өткеніне құрметпен қарауға және бір-біріне деген төзімділікке тәрбиелеу. Қатысушылар: РЯЛ-221, ПИМНО-211,111, ПС-211, ҚЯЛ-211,111, ИЯ-111, ПД-111, КДР-111, ДОВ-111 топтарының студенттері. Байқауда қазіргі  ақындардың Қазақстан туралы өлеңдері орындалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz