8 қарашада “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен Орал филиалында “Трансформатор зауытының” 6В07102 – “Электр энергетикасы” БББ 3 курс білім алушылары үшін қауым. профессор PhD докторы В. П. Зхаров пен аға оқытушы т.ғ.м., Н.Г. Буранова “Электр машиналары” пәні бойынша тәжірибе бағытталған сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың трансформатор мен асинхронды қозғалтқышты (АҚ) қолдану арқылы зауыттағы өндірістік процестермен, есептеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ трансформатордың заманауи түрлері мен техникалық сипаттамалары туралы түсінік беру. Практикалық сабақ барысында балалар барлық сұрақтарға жауап алды.
Білім алушылар қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыс орнында алғашқы нұсқаулықтан өтті. Өндірістік цехтың директоры Н. Усманов зауыт бойынша шағын экскурсия өткізді, білім алушылар заманауи бәсекеге қабілетті отандық кәсіпорынның пайда болу тарихы мен даму жолдары, шығарылатын өнімдер мен пайдаланылатын жабдықтардың ассортименті, сондай-ақ компанияның жаңа перспективалық технологиялары туралы білді.

