2023 жылғы 7-қарашада «Қаржы және экономика» кафедрасының «Қаржы» ББ 3 курс студенттері үшін «Республикалық бюджеттен сайлауды қаржыландыру» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Іс-шараның қонағы ретінде Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Кинжигареева София Жаимовна шақырылды. Ол  студенттердің назарын нарықтағы мемлекет функцияларының қаржылық аспектілеріне аударып, студенттер ұсынылған тақырыпты практикалық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік алды. Дәріс «Бюджеттік саясат және бюджеттік процесс» пәнін зерделеу шеңберінде ұйымдастырылды.

Курманова Г.К.,

«Қаржы және экономика» кафедрасының меңгерушісі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz