Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде сапа апталығын өткізу шеңберінде 2023 жылғы 7 қарашада Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тарих» Білім Беру студенттеріне арналған музей қорының қызметкерлерімен біргелікте «Мұражай қорлары. Қор жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Сабақты мұражай қызметкері Ж. Сримовамен бірге т.ғ.к., БҚИТУ «Қоғамдық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Е.Бижанова өткізді. Бұл семинар-тренингтің мақсаты жоғары білікті және құзыретті мамандарды қалыптастырумен бірге теориялық білім мен практикалық дағдыларды интеграциялау негізінде білім беру процесінің сапасын арттыру болды. Сабақ соңында студенттерге мұражай залдары бойынша экскурсия өткізілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz