6 қараша күні сапа апталығы аясында “Ағылшын тілі пәні сабағын сәтті ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер” тақырыбында №42 “Ақ ниет” гимназиясының Ағылшын тілі пәні мұғалімі Утегенова Б.Д семинар өткізді. Мақсаты: студенттерге әдістемелік көмек көрсету, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын үйрету. Семинар барысында әртүрлі техникаларды тиімді қолдану жолдары, студенттерге практикалық тапсырмалар берілді, түрлі дидактикалық материалдармен таныстырылды. Соңында студенттер кері байланыс берді,өз ойларымен бөлісті!
