2023 жылғы 16 қазанда Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «IT технологиялар саласында кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің директоры Мақаш Ермек Нұрсұлтанұлы ашып, сөз сөйледі.

Баяндамашы ретінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жобалық кеңсесінің басшысы Жұманбаев Е.Т. және МКҚК IT саласын дамыту бөлімінің біліктілік сарапшысы Увалеев Ж.Е. қатысты.

Іс-шараның мақсаты тыңдаушыларды білім беру бағдарламалары бойынша сараптама өткізуге үйрету, оның ішінде оқу нәтижелерін бағалау және білім деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттіліктерді дамыту.

Семинарға «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушылары Утешева Г.Ш., Қайранбаева А.Б., Ғайнешова А.М., Шынтемір И.Б., Аханова Д.Е., Рахимжанов М.Е. қатысты.

Сондай-ақ семинарда ақпараттық қауіпсіздіктің ең өзекті бағыттары бойынша мәселелер қаралды.

Баяндамалардан кейін барлығы ұсынылған тақырыптар бойынша толық ақпарат ала алды, сонымен қатар баяндамашыларға сұрақтар қойды.

Семинар кәсіби және нәтижелі болды. Қатысушылар жаңа білім, маңызды кәсіби ақпарат алып, реттеуші органдардың өкілдерімен және сарапшылармен тәжірибе алмасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz