12 қазанда Тамбов облысының біртуар азаматы, академик В.И. Вернадскийдың туғанына 160 жыл тойлау аясында Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде «EcoGRIN 2023» («Экологиялық жаһандық аймақтық бастамалар») халықаралық жастар білім беру форумы өтті.
Форумға 6В07102 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы Лысенко Данил «Энергетикалық нысандардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбымен, және де 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысы Мажитов Чингиз «Исследование качества воды в бассейне реки Урал и автоматизация замены фильтрующих элементов в установках водоочистки» тақырыбы бойынша баяндамамен қатысты.
Конференцияға 11 елдің, соның ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Бангладеш, Иран, Ирак, Израиль, Финляндия, Жапонияның Ресей өкілдері қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны ұтымды басқару саласындағы жағдайды, проблемалар мен перспективаларды және онымен байланысты экологиялық мәселелерді жан-жақты талқылау; халықаралық тәжірибені қорыту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, өңірлік және жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге жастарды тарту.
