«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК филиалының  ұйымдастыруымен  («Казстандарт») БҚИТУ Халықаралық стандарттау күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс – шараны өткізудің мақсаты – экономиканың жоғары технологиялық салаларында стандарттауды дамытуға байланысты неғұрлым перспективалы бағыттарға назар аудару, сондай-ақ мүдделі тараптарды халықаралық стандарттарды әзірлеуге, қабылдауға және пайдалануға белсенді қатысуға ынталандыру.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша БҚИТУ-дың ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Г. А. Санталина 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының білім алушыларын даярлаудағы белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz