03.05.2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушылары, заң ғылымдарының магистрлері Сарсенова Айнур Жексенбаевна мен Габдулов Ахат Жомартұлының ұйымдастыруымен «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының жоспарына сай, дуальді білім беру бағытында студенттерге «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен «Сотқа дейінгі тергеп – тексеру сатысында тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары мен ережелері» тақырыбында заң ғылымдарының магистрі, ҚР ІІМ М. Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Саханова Нелли Талапқызымен онлайн форматта дәріс оқылды. Дәріске Орал қаласы прокуратурасы мен БҚО ПД-нің бөліністерінің тергеу және криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, кафедра оқытушылары Ж.К. Тулеугалиева мен Г.Б.Аралбеков қатысты.

Дәріс барысында студенттерге сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу негіздері мен тергеу барысында қолданылатын тергеулік әрекеттер туралы және оларды қолданудың жалпы шарттары мен әдіс-тәсілдері туралы түсіндірілді. Бұдан әрі студенттер тергеу әрекеттерінде кездесетін проблемалық сұрақтарды талдау бойынша сұрақтар қойып, лектордан дәйекті жауаптарын алды. Дәріс соңында Орал қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры М.Р.Утемисов сөз сөйлеп, өткізілген шараны ұйымдастырушылар мен лекторға өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, студенттер тарапынан өз тәжірибесімен бөлісіп дәріс оқығаны үшін Н.Т.Сахановаға алғыс білдірілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz