2023 жылдың 12-сәуірінде “Педагогика және психология” кафедрасының  ұйымдастыруымен «Жастар арасында нашақорлықтың  және  АИТВ/ЖИТС –тың  алдын алу» тақырыбындағы семинар оздырылды.

Семинардың мақсаты: АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға білім мен ғылымға, спортқа баулу.

  Семинар барысында Педагогика факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор  Ажгалиев М.Қ. қоғамды дерттеген бұл кесел қазіргі уақытта ең өзекті мәселенің бірі болып отырғандығын, болашағымыз осы жастардың қолында екендігін айтып, семинарға сәттілік тіледі.

БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының педагогы Умбетова Г.К. облыс бойынша статистикалық ақпаратпен бөлісіп, жыл сайын бұл дертпен бірнеше мыңдаған адам тіркеліп отыратындығын атап айтты.

БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Сатарова Д.М. осындай жастардың болашағының бұлыңғыр болуы отбасындағы тәрбиенің болмауына, ата-ана мен баланың арасындағы мәміленің жоқтығына әкеп соқтығатынын бірнеше мысалмен көрсетіп, студенттер сұрақтарына жауап берді.    

«Жастар» орталығының терапевт маманы Нигметова Г.С. Орал қаласының №1 емхананысың 207 кабинетте тегін көмек беру орталығының ашылғанын айтып, студенттер кез-келген уақытта келіп, кеңесе алатынын жеткізді.

«Зерек» оқу-дамыту орталығының директоры, филология ғылымдарының магистрі  Жумабаев М.С. келеңсіз жағдайлардың бірден-бір алдын алу жолының бос уақытты тиімді пайдалану екендігін айта келіп, «Зерек» оқыту-дамыту орталығының жұмысымен таныстырып, студенттерді оқу-білімге шақырды.

«Логотерапия парақтары» подкаст клубының модераторы, педагог-психолог  Дәуітова Д. Ауруға шалдыққандар үшін психологиялық көмектің жұмыс істейтіндігін баяндады.

 «Педагогика және психология» кафедрасының  меңгерушісі,  п.ғ.к., қауымд. профессор  Кинжекова Р.С. өз қорытынды сөзінде рухы биік, келешегі асқақ, тәуелсіздігімізді баянды етер жастардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайтынын, ата-ана мен бала арасындағы байланысқа, жалпы ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айтып, семинарды  қорытындылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz