2023 жылдың  07-сәуірінде педагогика  факультетінің “Педагогика және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы психологиялық-педагогикалық  мәселелер»  тақырыбындағы студенттер мен магистранттардың  ғылыми-практикалық семинары өткізілді.  

Семинар заманауи даму үрдісіндегі педагог-психолог маманының рөлі мен жаһандық  өзгерістер жағдайында педагог кадрларды дайындаудың мәселелерін талқылауды мақсат тұтты.

Семинар  барысында «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.С. Кинжекова жаһандық өзгерістер жағдайында педагог кадрларды дайындаудың өзекті мәселелерін біздің оқу орнындағы жағдаймен байланыстыру турасында баяндаса, кафедра оқытушысы Н.Ж. Султаниязова “Социально-психологические предикторы субьективного благополучия русских и казахов,проживающих в России и Казахстане” тақырыбындағы  баяндамасын ортаға салды. Ал «Педагогика психология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Н.Н. Габдрахимова мен 3 курс студенті А. Амангелдиева жаһандану жағдайында тәрбиені ұлттық құндылықтармен байланыстырудың маңызын атап өтті.  

Шара қонағы, психология ғылымдарының кандидаты, БҚУ доценті Нургалиев К.А.. қазіргі психолог маманының қоғамдағы орны мен бүгінгі күні оған деген сұраныстың артып отырғандығын сөз ете келіп, психологияның жаңа бағыттары мен технологиялары туралы баяндады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz