2026 жылдың 12 қыркүйек күні «Жастар» стадионында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1 курс  студенттері арасында дәстүрлі «Денсаулық күні 2026» фестивалі өтті. Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Шара шымылдығын әкімшілік тарапынан университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры PhD доктор, қауымдастырылған профессоры А.И. Абекешев  құттықтау сөзімен ашып, спорттың жастар өміріндегі маңызыдылығын атап өтіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудын «Мажар» стилінен күміс жүлдегері Ықсан Аружанға сөз берілді. Ол өзінің спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі туралы айтып, жастарға спортпен айналысудың маңыздылығы жөнінде ой бөлісті. Студенттерге өз мақсаттарына табандылықпен жетуге, ұлттық спортты дәріптеуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар шараның құрметті қонағы ретінде университетіміздің 2026 жылғы түлегі VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Самбо» спортының қола жүлдегері Еркебұлан Нығметовте қатысты.

«Денсаулық күні 2026» фестивалі аясында студенттер арасында келесі спорт түрлері бойынша өткізілді:  

  • 4×100 метрлік эстафета;
  • Арқан тарту;
  • Қол күресі;
  • «Көңілді старт»;
  • Гір тасын көтеру;
  • Шағын футбол.

Жарыс барысында студенттер жоғары белсенділік танытып, өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, күш-жігерін және командалық бірлігін көрсетті. Әр спорттық сайыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар арасында достық қарым-қатынас пен өзара қолдау қалыптасты.

Іс-шара соңында спорттық жарыстардың қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен командалар мен жекелей сайыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері анықталды. Жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz