2023 жылғы 16-сәуірде республикалық орман отырғызу күні аясында Орал қаласының орталығында 85-тен астам көшет отырғызылды.

Аталған акцияға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, БҚИТУ ТЖ жөніндегі проректоры Аянбек Әбекешев және облыстың қоғам қайраткерлері қатысты. Акцияға қатысушылар БҚИТУ оқу ғимараты орналасқан Н. Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысына шырша көшеттерін отырғызды. Аталған іс-шара Орал қаласын санитарлық тазарту және абаттандыру айлығы аясында өткізілді.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz