2023 жылғы 14 наурызда БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасына «Тенгиз» кен орнындағы «Іскер» ЖШС-нің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің қауіпсіз еңбек мәдениетінің үйлестірушісі Айболат Шайболұлы Назаров шақырылып,  «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Өндірістегі қауіпсіздік» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

Дәріс барысында өндірістегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғауды ұйымдастыру, жұмысшылардың қауіпсіздігі, кәсіпорында еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Қонақ дәрісі тікелей пікірталас форматында өтті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сауатты және толық жауаптар алынды.

«Іскер» ЖШС-нің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің қауіпсіз еңбек мәдениетінің үйлестірушісі Айболат Шайболұлына қызықты, әрі танымдық дәрісі үшін алғыс білдіреміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz