6В11301-Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану білім беру бағдарламасы шеңберінде 2023 жылдың 13 наурызда БҚИТУ-да магистр, жоғары инженерлік-технологиялық колледждің экономика және сервис бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Байгелова Алтынай Шарипуллиевна «Жүктану» пәні бойынша қонақ дәріс өткізді.
Аталған іс-шараға ОП-21О тобының студенттері қатысты. Қонақ дәрісі білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпарат алды.
Білім алушылар шақырылған қонаққа ынтымақтастық және олармен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Бұл формат білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және студенттердің кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді деп санаймыз.