2023 жылдың 16 наурызында сағат 11.30-да Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің Шетел тілдері мен аударма ісі кафедрасы мен  ТЕО қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен «Transformations in learning methods and teacher training» атты семинар  өткізілді.

Шара барысында АҚШ Мемлекеттік департаментінің ағылшын тілі және білім беру бағдарламаларының жетекшісі Джон Орак пен АҚШ Елшілігінің ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Патерова АҚШ Мемлекеттік департаментінің ағылшын тілі және білім беру бағдарламалары туралы баянадама жасады. Сондай-ақ спикерлер арасында: Август Гарэнси (EL Fellow), Израиль Могес (Қазақ халықаралық колледжі), Стивен Ридли (Good Life журналы), Альбина Абилова (НИШ Орал), Тілеуқабыл Бибитұлы (Абай атындағы гимназия), Мөлдір Рахымжанова (Шаған мектебі) және Гаукар Нияр (Ақсай қ.№2 мектебі). Семинарда шет тілдерін оқытудың заманауи методикаларын, зерттеу нәтижелерін, қазақ және ағылшын тілі клубтары мен STEM оқыту тәсілдері талқыланды. Семинардың толық нұсқасы Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Youtube-арнасында жарияланды. https://www.youtube.com/watch?v=xXj581o4ctE

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.