Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ақпараттық-талдау және ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Еңбек ет, табысқа жет» атты арнайы бағыттар бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.  Биыл алғаш рет ұсынылып отырған жәрмеңкенің ерекшелігі – тек құқық қорғау саласын қамтитын саланы қамтуында.

Жәрмеңкеге 12-ге жуық жұмыс беруші қатысып, 200-ге дейін бос жұмыс орындарын ұсынды. Іс – шараға БҚО жоғары оқу орындарының түлектері, оның ішінде 6В04202 – “Құқықтану” және 6В04203 – “Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу” білім беру бағдарламасы бойынша БҚИТУ түлектері қатысты.

Жәрмеңкені өткізу барысында “Жастар кеңесі”жобасы іске асырылды. Өңір жастарына қажетті кеңестер беріліп, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz