2023 ж. 20-23 ақпанда БҚИТУ ИГФ «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор К.А. Нариков, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.м. Т.Г. Гизатулла және қабылдау және кәсіптік бағдарлау жұмыстары бөлімінің басшысы Л.Н. Майранова РФ Тамбов мемлекеттік техникалық университетіне (ТМТУ) барды. ТМТУ «Сәулет, құрылыс және көлік» институтының директоры – РСҚҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор П.В. Монастыревпен, «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының меңгерушісі – т.ғ.к., доцент Т.Ф. Ельчищевамен және «Қалалық құрылыс және автомобиль жолдары» кафедрасының меңгерушісі – т.ғ.к., доцент К.А. Андриановпен Жол картасы бойынша жұмыстарды болашақ іске асыру жоспарларын; «Сәулет» және «Құрылыс» білім беру бағдарламалары бойынша дәріс-практикалық сабақтар өткізу тәжірибесімен алмасуды; сертификаттар бере отырып біліктілікті арттыруды; студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығын талқылады.
ТМТУ «Сәулет, құрылыс және көлік» институтының «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының меңгерушісі Т.Ф. Ельчищева және кафедра доценті А.А. Путинцева БҚИТУ делегациясы үшін «Сәулет, құрылыс және көлік» институты бойынша экскурсия ұйымдастырды, онда БҚИТУ ИГФ «Сәулет және құрылыс» кафедрасының оқытушылары әдістемелік және зертханалық базамен танысты; сәулет дизайны, сәулет физикасы (климатология және жарық техникасы) және құрылыс өндірісі технологиялары бойынша мастер-класстарын өткізді.
БҚИТУ делегациясы ТМТУ «Сәулет, құрылыс және көлік» институтының басшылығы мен ПОҚ-на ерекше алғысын білдіреді!

