2023 жылдың 27 ақпан күні Педагогикалық, Тілдер және менеджмент фаультетінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында БҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдерімен студент жастардың кездесуі өтті.
Кездесуге БҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Назаров Елдос Таттигалиевич және БҚО жастар арасындағы ММА бойынша бас бапкері Исентаев Алмат Амангалиевич қатысты.
Кездесу барысында Назаров Елдос Таттигалиевич есірткі, психотроптық заттарды, сол тектсестерді, прекурсорларды тұтынудың салдары туралы, есірткі қылмысы бойнша қылмыстық жауапкершілікті түсіндірді.
Исентаев Алмат Амангалиевич студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау туралы өз пікірін білдірді.
