20 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қабырғасында Тәрбие бөлімінің бастамасымен, Халықтар достығын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Ассамблея мүшелерімен «Қазақстан халқы Ассамблеясы және Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға: «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сұлтанғали Махамбет Амантайұлы, БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктермен жұмыс басқармасының басшысы Тоболева Инесса Александровна, БҚО ҚХА «Орыс мәдени орталығы» ҚҰҰ төрағасы Быков Сергей Сергеевич, БҚО еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баюканский Феликс Аркадьевич, облыстық «Приуралье» газетінің журналисі және ақын Галина Самойлова, БҚИТУ оқытушылары п.ғ.к., доцент Ворожейкина Ольга Игоревна, б.ғ.к., доцент Уракчинцева Галина Владимирина , сонымен қатар қала мектептерінің кітапханашылары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, «Жастар Ассамблеясы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

«Бірлік пен келісімді нығайту және мемлекеттілік қағидаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында этномәдени бірлестіктердің белсенділері азаматтық борыш пен жауапкершіліктің, жоғары қазақстандық патриотизмнің үлгісі болатынына сенімдімін деп университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Әбекешев Аянбек Иманбайұлы өз құттықтау сөзінде айтып кетті.

Кездесу барысында университет пен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері арасындағы мәдениет, білім, ғылым және өскелең ұрпақ тәрбиесі саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Жаңа Қазақстандағы саяси реформаларды жүзеге асырудағы жастардың рөлі, жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, сонымен қатар БҚИТУ жанындағы «Достық» студенттік жастар клубының нәтижелері мен жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында БҚИТУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Әбекешев дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға алғыс айтып, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

БҚИТУ тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz