2023 жылдың 20 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  Тілдер және менеджменті факультеті, Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абдульманов Алтынбек Абуталиевич «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы бойынша 4-курста білім алушылармен дәстүрден тыс форматта  «Орыс әдебиетінің тарихы» пәнінен дәріс сабағын мұражайда өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Жайықта болған орыс классиктері (А.С.Пушкин, В.Даль, И.Крылов, Л.Толстой, В.Короленко, М.Шолохов т.б.)».

«Старый Уральск» (Кәрі Орал) мұражайы – халықтық мұражай. Мұражайда ежелгі тұрмыстық бұйымдар мен түрлі тарихи фактіні растайтын фотосуреттер сақталған. Сондай-ақ өлке тарихи жағдайаттарынан ақпарат беретін иллюстарциялар дайындалған. Мұражайдағы орыс ақын-жазушыларының Жайық жеріндегі сапарынан сыр шертетін фотосуреттер, зерттеу еңбектер студенттердің қызығушылықтарын арттырды. Дәстүрден тыс форматтағы танымдық сабақ  сұрақтар мен пікірлер тоғысында өз мәресіне жетті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz