11.01.2023 ж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер жәнеменеджмент факультетінің Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасында жосарға сай кезекті «Кафедрадағы ғылыми жұмыстарды жетілдірудің өзекті мәселелері» атты семинар өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелерді кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Н. Бекмашева таныстырып, бірінші мәселе «Кафедраларда кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жолдары» туралы Тілдер және менеджмент факультетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі деканының орынбасары Б.А. Уразова сөйледі.
Келесі мәселе «Гранттық ғылыми жобаларды дайындаудың тәртібі мен ережесі» бойынша факультет деканы, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А. Раманова сөйледі.
Жиынның соңғы сұрағында «2022-2023 оқу жылында студенттермен орындалған ғылыми жұмыстардың жарты жылдық есебі» тындалып, баяндамашы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А. Абдульманов ақпараты талқыланды.