Бюрократияны азайтуға, автоматтандыруды арттыруға және мемлекеттік басқарудағы рәсімдерді оңайлатуға бағытталған бастамашыл жобаларға серпін беру мақсатында ағымдағы жылдың 12 ақпанына дейін Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар байқауы жарияланады.
Үздік үш жобаның (идеяның) авторлары алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталады және үздік деп танылған конкурстық жұмыстар пилоттық жоба ретінде енгізілу үшін тиісті мемлекеттік органдарға немесе басқа ұйымдарға жіберіледі (жобаны одан әрі іске асыру авторлардың тікелей қатысуымен жүргізіледі).
Тиісті ереже бекітіліп «Әділдік жолы» РҚБ-нің ресми интернет сайтында (https://adildik.kz/ru) орналастырылды.
БҚИТУ ұйымдастыру және тәрбие бөлімі