2022 жылдың 13 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультеті, Тарих және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-бабалар аңсауы, ұлттың ұлы құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – тәуелсіздік мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі екендігін айта келіп, тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ екендігін студенттер бойына сіңіру.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының филология ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Сабыр, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.И.Мамыров, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Б.Кайыров, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.С. Кинжекова қатысып, тұжырымды ойларымен бөлісіп, жас ұрпаққа тәуелсіз еліміздің тұтастығын сақтап, білімді, білікті ұрпақ болуға шақырды. Сондай-ақ, шараға Тарих және құқық кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Т.Ерназаров, т.ғ.к., профессор С.Б.Құрманалин, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.Л.Абдрахманова, қауымдастырылған профессор, PhD Калменов М.Д. қатысып тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін, бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезініп, Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт екендігін студенттерге жеткізе білді.
